Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды

AstanaTV
20.12.2023ж. 20:00
528
Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды

Астанада «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды. 14-35 жастағы қатысушылардың конкурстық өтінімдері 15-18 желтоқсан аралығында қаралған. Нәтижесінде 5 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді. Жалпы 3000 астам жоба қаралған. Байқаудың мақсаты - белсенді, шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы жастар бастамаларын мемлекеттік қолдау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аталмыш грант жыл сайын жүзеге асырылады.

Арайлым СЕРІКБАЙ, BIOHUMUS ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз үшін шынында да керемет күн. Тәуелсіздік ұрпақтары деген грантты ұтып алып, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жоморт Тоқаевтың қолдауымен, сонымен қатар Ақпарат және Мәдениет министрлігінің қолдауымен, қаншама адамның қолдауымен мыңнан астам қатысушылардың ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар адам жеңіп шықты деп ойлаймын. Мен өзім микрозелендер өсіремін, сол бойынша бізде детокс смузи, сонымен қатар ғылыми туындылардан туған аналогы жоқ биотұз өнімдерінің авторымын. Енді осы қазіргі таңда кофейня ашу қолымызға жоспарланып отыр.