Спорт Қазақстан
$441.8 €480.02 ₽4.88
×

Павлодарда ата-аналар балабақшалардың суықтығына шағымданды

20.12.2023ж. 20:00
421
Павлодарда ата-аналар балабақшалардың суықтығына шағымданды

Павлодарда ата-аналар балабақшалардың суықтығына шағымданды. Айтуларынша, қатты аяз басталғалы тіптен азынап кеткен. Кейбір топтарда мүлдем жылу болмапты. Соның кесірінен балалар жиі ауырады. Ата-аналар бұл жағдайдың жыл сайын қайталанатынын айтады. Мәселені айтқанмен, оған құлақ асқан ешкім болмапты.

Айнұр ОРАЗБАЕВА, АТА-АНА:
Батереялар суық. Содан балаларым жиі ауырады. Кеше істейді деген. Бірақ, бүгін нәтиже байқамадым. Сол қалпы суық. Балаларды бұл топ суық болғандықтан, басқа топтарға ауыстырған. Алайда, тамақ ішетін кезде өз топтарына әкеледі. Сосын салқын су, салқын тамақ ішіп, балалардың тамағы ауырып жатыр.
№112 балабақшада 300-ге жуық бала бар. Қазір оның тек 135-і ғана келетін болған. Суықтан жартысына жуығы ауырып қалыпты. Балабақша директоры ғимараттың кейбір бөлігі суық екенін айтады. Сондықтан ол топты уақытша жауып тастаған. Ал балалар басқа топтарға қосылыпты. Мәселені бірнеше күнде шешеміз - дейді.

Дәмегүл БЕЙБІТОВА, БАЛАБАҚША ДИРЕКТОРЫ:

Ғимараттың бұл бөлігі түкпірде болғаннан соң ба, салқын. Бірақ, мұндағы балаларды басқа топтарға ауыстырдық. Ал жылу орталығының мамандары келіп, жөндеу жүргізіп жатыр. Әзір нақты себебін таба алмады. Алдағы бірнеше қалпына келтіреді деген ойдамыз. Оған дейін балалар жылы топтарда болады.