Бүгін «Нұр Отан» партиясының
кезекті қоғамдық қабылдауына «Кегок» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы
Бақытжан Қажиев келіп, азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады. Электр энергиясы төңірегінде ел бойынша әлі
де атқарар жұмыстар көп. Бұл жарық шамдарын орнатып, электр бағамдарын тартып
беруді сұрап келген азаматтардың қарасының көптігінен байқалды. Мысалға,
Павлодар өңірінен тікелей байланыста сауал жолдаған "Жас Отан" жастар
қанатының көшбасшысы Тілеулес Жастілек бүгінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне
жастармен бірігіп, түрлі бағытта қол ұшын созып келеді. Солардің бірі - осы
электр жарығына мұқтаж ардагерлер. Осы орайда, игі іске алпауыт компанияның
бірі «Кегок» та қосылса деген ізгі ниетін білдірді. Бақытжан Қажиев ұсынысты
қолдап отыр.
Бақытжан Қажиев, «Kegok» АҚ басқарма төрағасы:
Компанияның әлеуметтік саясаты осы жобаларды қолдап отырады.
Бізде 68 ардагер бар. Тағы жұмыскер ардагерлер бар, барлығына көңіл бөліп,
көмектесіп отырамыз.
Ақтоты Байғазиева қабылдауға
сонау Қараөткел ауылынан келіп отыр. Жиған-терген ақшаларына биыл бастарына
баспана салып алыпты. Құжаттары да дұрыс. Алайда, жергілікті билік электр
жарығын тартып бермей отырған көрінеді. Бұл орайда «Кегок» акционерлік
қоғамының басқарма төрағасы, көп сұрақтар біздің құзырда емес, дейді. Себебі
электр тартып беруді сұрап келген бырсыпыра өтініштер меншікті электр
станцияларына қарайды. Ал, жеке компанияның ішкі жұмысына араласуға құқымыз жоқ, - дейді ол. Бірақ, партия мүшесі ретінде, «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп, бұл
сұрақтардың оңтайлы шешілуіне ықпал етуге болады, деді.