Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада «Батыр из прошлого» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті

AstanaTV
21.12.2023ж. 20:00
577
Астанада «Батыр из прошлого» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті

Астанада «Батыр из прошлого» тарихи фантастикалық фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті. Tiger Films продюсерлік компаниясының кезекті туындысына халық көп жиналды. Тарихи фантастикалық комедияда басты кейіпкер Елтебер батыр он төртінші ғасырдан 21 ғасырға тап болады. Шытырманға толы фильм туралы әріптесім Динара Жақсыбайқызы баяндайды.

Оқиға желісі бойынша Алтын Орда дәуірінде елші болған Елтебер батыр өзінің 29-ұрпағымен кездеседі. 21 ғасырдағы қазақ жерінен табылған ол көп қиындық көреді. Кейіпкерлерге тек кинода ғана емес, түсірілім барысы да оңайға соқпаған. Актер Олжас Әлжанов түсірілімге дейін 2 айға жуық уақыт дайындық курсынан өткен.

Олжас ӘЛЖАНОВ, АКТЕР:
Баяғы жігіттер қандай болғанын, қазіргі жігіттер қандай болған деген сияқты, жай ғана комедия емес, ертеңгі күнде болашақта жастарға үлгі болатындай киноның бірі деп есептеймін. Бұл жерде біз бір жарым айдай жұмыс жасадық. Физикалық тұрғыдан болсын, актерлық шеберліктен курстар алдық.
Алдын ала көрсетілімге Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич те келді. Ол қазақ киносын үнемі көріп, оған оң баға беріп отыратынын айтады. Елші Тайгер Фильмс компаниясы қазақ кино индустриясын дамытуға атсалысып келе жатқанын жеткізді.

Кэти ЛИЧ, ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІ:
Маған қазақ фильмдері өте ұнайды. Биыл ғана Қазақстанда 120-дан аса фильмдер шығарды. Осы өте-өте жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Және мен үнемі ұшақта қазақ фильмдер көремін.
Актерлар дайындыққа біраз уақыт жұмсағанымен, түсірілім 20 күнге ғана созылған. Сценаристер оқиға желісін жазбас бұрын ең алдымен тарихшылармен ақылдасып, деректерге сүйенген.

Ерлан БҰХАРБАЕВ, ПРОДЮСЕР:
Бұл фильм тарихи фантастика және комедия жанрында түсірілді. Киноның бүгінгі ұрпаққа берері көп. Еліміздің тарихы тереңде дегенімізбен, біз өткенімізді ұмыттық. Сондықтан бұл кино өткенімізге құрметпен, болашаққа сеніммен қарауды көздейді.
Киноның жас ұрпаққа берері көп. Бай тарихымызды дәріптеуге өз үлесін қосатын фильм бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.