Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

"Қымызды қазақ сусыны ретінде патенттеу мүмкін емес", – Әділет министрлігі

21.12.2023ж. 20:00
474
"Қымызды қазақ сусыны ретінде патенттеу мүмкін емес", – Әділет министрлігі

Қымызды қазақ сусыны ретінде патенттеу мүмкін емес. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты. Бұған дейін қымыз немістердікі деген түрлі ақпарат тараған. Алайда, бұны жауаптылар жоққа шығарды.

Талғат УӘЛИ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Германияда шынында да патент бар. Ол қымызға емес өндіру әдісіне патент алғаны рас. Мысалы құрғақ ұнтақтан капсуладан немесе түйіршіктелген түрлерін жасауға Германия елінің азаматтары патент алғаны рас. Ал, Қазақстанда ұлттық өнімді өндірушілерге қымыздың өзіне емес таблеткадағы түрін, сондай-ақ кептірілген бие сүтін, яғни саумалдың кептірілген түрін өндіруге патент алған азаматтар бар.

Бұдан бөлек құрт, қазы, ет қамыры секілді ұлттық өнімдерімізді соңғы технология бойынша патенттеп алуға да мүмкіншілік бар. Ол үшін өнертабыс туралы техникалық ақпарат патент өтінімінде көпшілікке жариялануы қажет. Оған бір жылдай уақыт керек екен.

Талғат УӘЛИ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұған дейін Алматының апортын «географиялық көрсеткіш» ретінде шығу тегі Алматы екендігін бекітіп алғанымызды айтқан едік. Яғни, апорттың Алматы төңірегінде өсетіндігін растауға болады. Ал биенің сүті, қымызды әлемде өндірілетін өнім болғандықтан оны тек Қазақстанға ғана тән деп айту орынсыз болады.