$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне қосымша жәрдемақы мен үстемақы төленуі мүмкін

21.12.2023ж. 20:00
899
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне қосымша жәрдемақы мен үстемақы төленуі мүмкін

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне қосымша жәрдемақы мен үстемақы төленуі мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәжілісте айтты. Ол заң жобасында 4 кодекске және 17 заңға түзету енгізу көзделген деді. Оның ішінде қызметкерлерге алдымен жан-жақты жәрдемақы төлеу қарастырылған.

Бауыржан СЫЗДЫҚОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Біздің ұсынып отырғанымыз ол басқа жерге көшу байланысты қызметкерлерді ауыстыру және қызмет бабында ілгерілету кезінде көтерме жәрдемақылар төлеуді жүзеге асыру. Егер орысша айтатын болсақ падемный дейді ғой. Қазіргі таңда біздің әскери қызметкерлер алып жатыр. Ал мынау өрт сөндіру қызметкерлері мұны алмайды. Сондықтан соны қосу.

Сондай-ақ, заң жобасында биіктігі 28 метрден асатын биік ғимараттарды пайдалануға қабылдау кезінде өрт қауіпсіздігін бақылау құзыретін қайта қайтару қарастырылған. Бұдан өзге, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне тұрғын үйлерді жекешелендіру құқығын беру мәселесі де заңға кірістірілген.