Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атырауда полицейлер суға батқан әйелді құтқарып қалды

26.12.2023ж. 20:00
650
Атырауда полицейлер суға батқан әйелді құтқарып қалды

Атырауда полицейлер суға батқан әйел мен ер адамды құтқарып қалды. Олардың өз өміріне қауіп төндіре отырып, ерлікпен аман алып қалған сәтінің видеосы тарады.

Құрманғазы ауданындағы Шарон өзенін кесіп өтпек болған кезде мұз ойылып, әйел адам суға түсіп кетеді. Оны құтқаруға ұмтылған ер адам да мұз ойығына құлап кеткен. Хабар алған бойда саптық жиыннан қайтып келе жатқан бірнеше полицей жанұшыра жеткен. Арқанның көмегімен су астында болған әйел мен ер адамды жағадан шығарады. Жедел жәрдем көлігін күтпей, ауруханаға жеткізген. Қазір 64 жастағы әйелдің жағдайы жақсы, аудандық ауруханада ем-домын алып жатыр.

Роман НАСИХАН, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Оқиға орнына бірінші болып барған кезімде мұз үстінде әйел адамның және оған ер адамның көмек көрсетіп тырысып жатқанын байқадым. Сол сәтте мен де ойланбастан дереу автокөліктің жүк салғышынан арқан жіпті алып мұз үстіне шықтым. Алайда күннің жылып кетуіне байланысты мұз еріп, ойылып бара жатты. Сол сәтте көмекке келген әріптестеріммен бірлесіп, ер адам мен әйел адамды аман есен жағаға шығардық.