Тәуелсіздік — тарихтың мәңгіге бөліп берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал.
Тәуелсіздіктің 25
жылдығына орай осы цитатаны таңдадым. Майда-майда «терезелер» мен сан түрлі
бояуға толы тіршіліктің бұрқ-сарқ қайнап жатқанына, адамдардың әл-ауқатына
байланысты айырмашылықтың жер мен көктей екеніне, орта таптың ала-құлалығына,
көзқарас пен танымның, принциптер мен позициялардың қарама-қайшылығына қарамай,
бізді біріктіретін фактор – Тәуелсіздік.
Біз осы мемлекетте тұрамыз, декларация бар да, шынымен жүзеге асыру бар,- деп,
заң, тек ғана заң диктатурасын орнатқанда, белгілі-бір кезеңді аяқтағанымызды
мойындап, келесі қадамдарға барғанымызда мүмкін «бірнәрсе» шығады...
Нұрсұлтан Назарбаев, ҚазақстанРеспубликасының Президенті:
Настало время рассмотреть вопрос перераспределения полномочий между Президентом,
Правительством и Парламентом. Специальная комиссия должна изучить эти вопросы и
внести предложения по изменению соответствующих законов, а возможно и
Конституции.
Салтанатты жиын аз болған жоқ. Форматы жағынан өзгешелеу бір отырысқа тоқталғым келді. Президент үзеңгілестерімен отырып мемлекетті құру ісін баяндаған. Қ. Тоқаев, И. Тасмағамбетов, М. Алтынбаев, Қ. Сүлейменов ... Сыртқы саясат, шекара, экономика, Армия, Астана, рухани әлем... барлық дерлік тақырып қозғалды. Тіпті езу тартқызатын оқиғалар баяндалды. Қайрат, ақыл, жүрек. Сенім мен соңынан ерте алу. Мінез.
Ахметжан Есімов:
Ол кезде мен
Госагропромның бірінші орынбасарымын. Австралиядан 20 мың қой сатып алу туралы
айтылды. Есептесек, Германиядан ет сатып алудан қымбат екен. Мәскеуліктер бұл
саяси шешім, Бас хатшының шешімі, сондықтан қойды аласыңдар деп. Сізге хабар
беріп едік, сіз айттыңыз, ешкімді тыңдама, қайт деп.
Иван Сауэр:
Сіз елді қайда, қалай жетелеуді білдіңіз. Бірақ кіммен? Б
іздің барлығымыз «қызыл» болдық... Ең қиыны осы еді.
Ұзақбай Қарабалин:
Каспийді қақ жарып пайдалану, кеніштерді бірлесе игеру
туралы айттыңыз... Кейін Түркіменстан мен Әзірбайжан да сондай келісімге келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
Мен Есіл қонақүйінде тұрдым. Бірде ыстық су да, суық су
да болмай қалды. Сосын қала әкімі Әділбек Рыскелдіұлына телефон соқтым. Маған
дейін де телефон шалғандар көп болған сияқты – сендердің барлығың мұнда суға
түсуге келіп пе едіңіздер,- деді.
Иманғали Тасмағамбетов:
Парламентте астананы көшіру туралы айтқанда бірнәрсені
айта алмады. Бабаларымыз айтып кеткендей, Еділді келіп алғаны, етекке қолын
салғаны, Жайықты келіп алғаны, жағаға
қолын салғаны демекші, егер астананы көшірмегенде не болар еді? Көршілермен не
болып жатқанын көріп отырмыз ғой...
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының
Президенті:
Ата-бабаның асыл арманының орындалғаны – бірінші. Екінші, мәңгілік ел боламыз деп құлаш
сермеген қазақтың болашағы. Екі нәрседен тұрады.