Спорт Қазақстан
$457.61 €493.07 ₽4.99
×

Келесі жылы бензин де, дизельді отын да қымбаттай береді.

AstanaTV
17.12.2016ж. 20:00
1497
Келесі жылы бензин де, дизельді отын да қымбаттай береді.

Бір жылдың ішінде өтімді АИ-92 бензині айтарлықтай өсті. Ресми деректерге қарағанда өндірушілердің бағасы 13,7 пайызға көтерілген. Қазір бұл отынның бағасы 133 пен 140 теңге аралығында. Сарапшылар жаңа жылдан кейін бензиннің де, дизельді отынның да бағасы өсе беретінін айтады.

Ең басты себеп – ішкі нарықты керек жанар-жағар майдың 30-35 пайызын таситын Ресейдегі баға бізден жоғары – бензин 36,5 пайызға, дизельді отын 73,7 пайызға. Бұл өте көп, әрі Еуразиялық экономикалық одақ аясында шекаралардың ашықтығы айырмашылықты «ұстап тұруға» мүмкіндік бермейді.

Камилла Манакова, мұнай мен газ саласы бойынша сарапшы: 

Сұранысқа ие АИ-92 жанармайының 1 литрі 150 теңге болады деген болжам бар. Мемлекеттіктараптанбақылауалыныптасталғансоңбағаныңөсуінеқарасаңыз, бәрітүсінікті. Ал тапшылықты жою үшін мұнайөңдейтінқосымшазауыт салу мәселесінекелетінболсақ, алдымен оғанүздіксізшикізатжеткізіптұрукерек. Компанияларғабағажағынанзауытқасатутиімсізболса, оны қайданаламыз?  Екіншіден, кәсіпорынөзшығынын жаба алатындайболуыкерек. Олүшінжанармайдыңбағасыкөтерілуітиіс. Сондықтаншикізаттыөңдеугежеткізуқаржылықтұрғыдантиімдіболмай,қосымшазауыт салу туралысөзқозғауорынсыз.

Ал өткен бағдарламаларымыздың бірінде экономист Сергей Смирновтың комментарийін бергенбіз – ол біздегі бензин бағасы мұнай бағасына тәуелді емес, Ресейдегі баға құрылымы да басқа,- деп, ішкі нарықты жанар-жағар маймен қамтамасыз етуді түпкілікті шешу үшін биліктің түк істемей отырғанына нұсқаған. Сарапшы бұл нарықта «мынау былай», «ал мынау былай» деп жіліктеп түсіндіріп бере алмайтын «атмосфера» қалыптасқанын айтқан...

Сергей Смирнов, экономист: 3,12,16 ж.

Менің ойымша, билік кінәлі. Мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау эпопеясына келсек, біздің билік оған мүдделі емес екенін көрсетіп отыр. Себебі ол зауыттарды жаңалау жоспары 2009 жылы мамыр айында қабылданған етін. 2015 жылы аяқталуы тиіс болатын. Не болғанын көріп отырмыз, ол жоспарды 2018 жылдың басына жылжытып қойды. Ресей 2011 жылы кіріскен, кідірістер болды, алайды биыл бітірді. Зауыттары Еуро 5 бензинін шығара бастады. Ал бізде негізінен еуро 2, әрі кетсе, еуро 3 шығарылады. Тоқсаныншы жылдары біздің 3 зауыт 18 млн тонна шикізат өңдейтін, былтыр 14,5 млн тонна ғана өңдеген. 1991 жылдан да аз өңдейміз. Себебі зауыттардың қуаты әлсіреген.