Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"ШҚО-дағы гематологиялық орталық биыл қолданысқа берілуі тиіс", - депутат

03.01.2024ж. 20:00
428
"ШҚО-дағы гематологиялық орталық биыл қолданысқа берілуі тиіс", - депутат

Өскеменде салынып жатқан гематологиялық орталықтың 80 проценті дайын. Нысан құрылысын аяқтау үшін тағы 50 млрд теңге қажет. Бүгінге дейін 28 млрд теңге игерілген. Жоспар бойынша орталық биыл қолданысқа берілуі тиіс. Алайда қаражат мәселесі шешілмей тұр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшелері Лұқбек Тұмашинов пен Ерлан Саиров нысанға арнайы барып көрді. Құрылысты қалай болғанда аяқтау керек дейді олар. Медициналық нысан пайдалануға берілсе, халық шетелдік емханаларға сабылмайды.

Ерлан САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Енді әрине бүгінгі таңда республикада бюджет процессі өте күрделі. Сондықтан бұл мәселені шешудің амалын қарастыру керек. Бізге біздің халқымыздың денсаулығы өте маңызды. Конституцияда Қазақстанның ең негізгі құндылығы адам деп жазылған. Бірақ екінші бір мәселе бар ол мемлекеттің қалтасы төзе ме? Сондықтан біз министрмен, министрлер кабинетімен ақылдасып, осының бір орта шешімін табуымыз керек.

Сонымен қатар депутаттар Нұрлы Жол шағын ауданындағы мектепке барды. Оның құрылысы аяқталуға жақын. Қыркүйекте 600 баланы қабылдайды. Көпбейінді колледждің 244 орындық жатақханасы да жақында қолданысқа берілді. Жоба орын жетіспеушілігін толық жабады.