Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстанда «QAZAQ MURA» бірегей жүйесі іске қосылды

Қазақстанда «QAZAQ MURA» бірегей жүйесі іске қосылды

Еліміздегі мектептерде «QAZAQ MURA» бірегей жүйесі іске қосылды. Жаңа жүйе кітапхана қорындағы толық циклді қамтамасыз етеді. Бұл - оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаңа бағыт. «QAZAQ MURA» аймақтардағы кітапхана жұмысын біршама оңтайландырады. Жүйе кітапханашылардың жұмысын автоматтандырып қана қоймай, мобильді қосымша ұсынады. Онда әр оқушы кез-келген кітапқа тапсырыс беріп, оның қорда бар-жоғын тексере алады. Білім беру мен цифрлық инновацияларды дамытудағы жаңа қадамды қазақстандық мамандар жасап шығарған. Сандық кітапхана жүйесін дайындауға 3 жылдан астам уақыт жұмсалған.

Мұқатай МӘЛІК, «QAZAQ MURA» ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ АВТОРЫ:

"Қазақ мұра" жүйесі бүкіл кітапхананың техникалық жүйесін, техникалық циклдарын автоматандыру және цифрға айналдыру. Ол дегеніміз кез келген қазіргі таңға дейін толтырған қағаздардың бәрін ендігі автомат түрінде генерация жасау арқылы қағазға шығаруға болады.