Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

2024 жылдың қаңтарында магниттік дауыл күтіледі

AstanaTV
03.01.2024ж. 22:15
944
2024 жылдың қаңтарында магниттік дауыл күтіледі

Мамандар жаңа 2024 жыл геомагниттік дауылмен басталатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оған қоса, осы айда күн жарылады деп күтілуде.

Магниттік дауыл – жердің геомагниттік өрісіндегі (магнитосфера) күштің бұзылуы. Магниттік дауыл навигациялық жүйелер мен радиобайланыстың бұзылуына, сондай-ақ электр желілеріндегі кернеу проблемаларына әкелуі мүмкін. Магниттік дауылдардың негізгі себебі – күн белсенділігінің артуы, яғни күннің жарылуы.

Магниттік дауыл адамдарға да кері әсерін тигізеді. Сезімтал адамдарда бас ауруы және қан қысымы проблемалары болуы ықтимал. Геомагниттік дауылдың әсерінен құстар мен жануарлар бағытын өзгертуі мүмкін.

Күннің жарылуы – бұл плазма мен радиацияның қатты бөлінуі.

Бірінші ай салыстырмалы түрде тыныш болады. Мамандар 8-10 қаңтарда 3 баллдық, 14-15 қаңтарда 4 балдық дауыл күтілетінін атап өтті. 16-17 қаңтарда, сондай-ақ 19 қаңтарда жер бетін тағы да 3 дауыл соғады.