Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Сөйлейтін" автобустар пайда болды

AstanaTV
04.01.2024ж. 15:00
547
"Сөйлейтін" автобустар пайда болды

Биылдан бастап Атырау қаласындағы № 2, 12 және 14 автобустарда автоматты ақпараттандыру құрылғысы іске қосылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен білгеніміздей, аталған үш бағыттағы автобустар сынақтан толық өткеннен кейін, барлық бағыттағы жолаушылар тасымалдайтын көліктерге аталған құрылғы орнатылатын болады.

Жолаушылар көлігіне арналған автоматты ақпараттандырғыш – бұл көлік құралының салонындағы динамиктер арқылы алдын ала жазылған аудио файлды ойнату арқылы жолаушыларға қажетті уақытта дыбыстық хабарлама жіберуге, соның ішінде кезекті аялдаманы жариялауға мүмкіндік беретін құрылғы. Бұл жүргізушіге микрофонды үнемі пайдалану қажеттілігінен құтқарып, жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған.