Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

«Өскемен-Семей» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмды

AstanaTV
10.01.2024ж. 11:54
435
«Өскемен-Семей» тасжолында жол апатынан 2 адам көз жұмды

Өскемен мен Семей қалаларының арасындағы тасжолда екі көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 9 қаңтарда «Өскемен-Семей» тасжолының 23-ші шақырымында Саратовка кентінің маңында болған.

«Chevrolet Niva» және «Toyota» маркалы көліктер соқтығысып қалды. Соның салдарынан екі жолаушы сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда бірнеше адамның өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген ақпаратта.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды.