Қызылжар тұрғыны әйелін пышақтап өлтірген. Надир Абдуллаев түнде үйіне келіп, масайып алған әйелімен жанжалдасып қалған. Шиеттей баласының көз алдында жаға жыртыспау үшін олар жұбайымен бірге далаға шығуды жөн көріпті. Артынша отағасы ашу- ызаға булығып, жарына бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленуші ауыр жарақаттан қайтыс болды. Күйеуі мұнымен қоймай, мәйіттен құтылуға тырысады. Ол інісін шақырып алып, екеуі үйдің қасындағы тоғайға әйелді көміп тастаған. Тергеу мен сот процесі жарты жылға созылды. Сот бүгін күдіктіге қатысты үкім шығарды.
Ерлан НҰРШӘРІПОВ, СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Сот Надир Абдулаевті ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы бірінші бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, 10 жылға және 6 айға бас бостандығынан айырсын. Оның сыбайласы Иса Гасанов та кінәлі деп танылып, ҚР қылмыстық кодексінің 432 бабы бойынша бір жарым жылға бас бостандығынан айырылады.