$450.91 €522.69 ₽5.33
×

Астанада Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді

Астанада Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтеді
gov.kz

500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі әкелінеді

19-20 қыркүйек күндері Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Astana TV хабарлады.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы хабарлағандай, Арқа төріндегі тұрғындарға Сыр өңірінің брендіне айналған күріш, дарияның дәмді балығы, табиғи ас тұзы, балдай тәтті қауын, қарбыз, ұлттық сусындар ұсынылады.

- Жәрмеңкеде Қызылорда облысының диқандары мен шаруашылықтары 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бағаларымен сатылады. Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет өнімдері, 25 тонна балық өнімдері, 200 тонна бақша өнімдері,50 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 15 тоннаға жуық сүт және кондитер өнімдері, 5 тонна ас тұзы жеткізіледі, - делінген хабарламада. 

Жәрмеңке сағат 9:00-18:00 аралығында «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолының бойында өтеді.

Бұған дейін, елімізде жеміс, көкөніс өнімдерінің бағасы арзандағанын жазған едік.