Оралда
жанармай мен дизель отынының құны шарықтап кетті. Егер желтоқсанның басында
АИ-92 маркалы бензин 125 теңгеден сатылса, қазір 134 теңге. Ал 130 теңгеден
сатылған жағармай 175-178 теңге аралығында. Қаладағы жанармай құю бекеттерінде
бензин бағасы түрліше, айырмашылық 2-3 теңге көлемінде. Облыстық энергетика
және тұрғын үй коммуналды шаруашылығы басқармасы хабарлағандай, қажетті
жанармайдың 65% Ресейден әкелінеді. Сұйық отынның көтерме бағасы қымбаттап,
тасымалдау шығыны да артқан. Шенеуніктер бағадағы өзгерісті реттейміз деп отыр.
Азамат
Әубәкіров, БҚО бойынша ТМРА департаменті басшысының орынбасары:
АИ-92
маркалы бензин бағасы 145 теңге, ал дизельдік отын 175 теңге болғаны анықталды.
Енді жыл басында жүргізілген талдау жұмыстары бойынша бағаның қалай өзгергенін
зерттейміз. Егер монополияға қарсы заңның бұзылғаны анықталса, шара
қолданылады.
Еркін
КАРИН