$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Ақтөбе қаласының тұрғындары облыс әкіміне шағымдарын айтты

AstanaTV
23.12.2016ж. 20:00
2476
Ақтөбе қаласының тұрғындары облыс әкіміне шағымдарын айтты

Ақтөбедегі учаскелік полицейлер ай сайын халық алдында есеп беретін болды. Облыс басшысы халықпен кездесу жиынында оларға осындай тапсырма жүктеді. Өйткені халық құқық қорғаушылардың жұмысына қанағаттанбайды. Лаңкестердің әрекетінен жүрегі шайлығып қалған ақтөбеліктердің көпшілігі ішкі істер саласы қызметкерлерінің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Тұрғындардың сауалы негізінен қоғамдық тәртіп пен елдің тыныштығы төңірегінде болды. Мәселен, қала іргесіндегі Заречный ауылының тұрғыны, үйдің маңында күдікті адамдар толып жүреді, ал учаскелік инспекторлардан қайран болмай тұр, деді.

Хамза Қазиханұлы, Заречный ауылының тұрғыны:

Көшеде жүру керек, кездесу керек. Ыңғайсыз жүрген кісілер көп. Ана жерде де отырып алып арақ ішіп отырады. Болмаса, қалай болса солай бірдеме істеп кетеді.

Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты. Бірақ олар қандай да бір уәж айтуға асықпады. Аймақ басшысының тапсырмасына сай бұдан былай учаскелік инспекторлар арнайы кесте құрып, соған сәйкес ай сайын халық алдында есеп беріп отырмақ.

Ж. КЕМАЛ