$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Талдықорғандық әйел баласын қақаған аязда сарайға қамап қойған

17.01.2024ж. 20:00
806
Талдықорғандық әйел баласын қақаған аязда сарайға қамап қойған

Талдықорғандық әйел ұлын тәртіпке салу үшін қатыгездікпен ұрып-соғып, қақаған аязда сарайға қамап қойған. 9 жастағы баланың бұған дейін де анасынан теперіш көргені белгілі болды. Артем Лебедевтің үйіне Талдықорған білім және денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, облыстық балалар омбудсмені барған. Олар Артем мен інісі қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын көрді. Безбүйрек әйел масаң күйінде үлкен ұлын жиі соққының астына алатын көрінеді.

Артур ЛАСТАЕВ, ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:

Комиссия мүшелері Лебедевтер жанұясы тұратын үйге барып, тұрмыс жағдайын зерттеді. Анасы мен екі баласы антисанитарлық жағдайда өмір сүрген, ал әйел алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғанын және балаларды қорлағанын жоққа шығармады. Сөйтіп, Светлана Лебедева 9 жасар ұлы Артемді аязда сарайға қамап тастаған.

Қамқоршылық органдары балаларына қатыгездік көрсеткен әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз жолдады. Ал Артем Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды.

Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Кәмелетке толмаған баланың анасы ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды, яғни денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша. Қазіргі уақытта, 9 жастағы бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, баланының қауіпсіздігі үшін «қорғау ұйғарымы» шығарылды. Жиналған материал Талдықорған қаласы әкімдігінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның қарауына жолданды. Ата-ана құқығынан айыру мәселесі шешілуде.