Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Астанада сот орындаушылар 30-ға жуық мүгедектің шоттарын бұғаттап тастаған

AstanaTV
18.01.2024ж. 12:15
1178
Астанада сот орындаушылар 30-ға жуық мүгедектің шоттарын бұғаттап тастаған

Жеке сот орындаушылары мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алатын 27 борышкердің банк шоттарын бұғаттағаны анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласының прокуратурасы атап өткендей, Қазақстан Республикасының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есепке алуға арналған банк шоттарына тыйым салуға жол берілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жарты миллион теңгенің қаражаты қайтарылып, банк шоттарына салынған тыйым алынды. Соның нәтижесінде 27 адам 1,2 млн теңге қаражатына қол жеткізді. Қазір қалалық прокуратура уәкілетті органмен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып жатыр, - делінген прокуратура таратқан хабарламада.