$453.87 €508.33 ₽5.65

Алматыда екі қабатты дәмхана өртенді

Алматыда екі қабатты дәмхана өртенді
Фото: видеодан скриншот

Өрт сөндірушілер жарылу қаупінің алдын алды.

Алматы қаласының Түрксіб ауданында таңертең ерте екі қабатты дәмхана ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды  Astana TV. 

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті. Ғимаратқа келген кезде жалын шатырды шарпығаны анықталды. Барлау барысында қосалқы бөлме мен шатырдың өртеніп жатқаны белгілі болды.

Өрттің көршілес ғимаратқа таралу қаупі болған. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалынның таралуына жол берілмеді.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар жанып жатқан аумақтан көлемі әртүрлі алты оттегі баллонын алып шықты. Осылайша, баллондардың жарылу қаупінің алдын алды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.