Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Шығыс Қазақстанда табиғаттың тосын мінезінен 4 бағыттағы жол жабылды

AstanaTV
26.12.2016ж. 20:00
2660
Шығыс Қазақстанда табиғаттың тосын мінезінен 4 бағыттағы жол жабылды

Шығыс Қазақстанда өз арнасының қатуы салдарынан су деңгейі көтеріліп, жергілікті тұрғындарды әбігерге салды. Зайсан ауданындағы Мұжық өзені маңынан 400 бас мал қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Ал, қос бірдей қожалықта қоныстанған адамдар да жедел көшірілген. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Табиғаттың тосын мінезінен келген қатерден төтеншеліктерге тыным болмай тұр. Қазір құтқарушылар өзен жағалауын арнайы инертті материалдармен бекітіп, жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр.

Қазір аймақта жел екпіні де еселеніп тұр. Республикалық және облыстық маңызы бар 4 автожолда  барлық көлік түрлерінің қатынауына шектеу қойылған. Алматы-Өскемен және Өскемен-Ресей арасы бағытындағы жолдарда адым ашу мүмкін болмай тұр. Кейбір жүргізушілер көліктерін тастап кетуге мәжбүр. Құтқарушылар жылыну бекеттерін дайындап, жолаушыларды жақын елді мекендерге эвакуациялап жатыр.

Азамат Қапышев, ШҚО ТЖД бөлім басшысы:

Кеше ғана Зайсан ауданының құтарушыларымен жол жиегіне құлап кеткен автокөлікті арнайы техникамен шығардық. Техникамыз сақадай сай. Қауіпті аймақта қатынас жасамауға, жолға шықпау туралы СМС хабарламалар жіберіліп жатыр. Ескертуді елемей жатқандар жоқ. Соның арқасында алыс жолға шығушы адамдар азая бастады. 

Данияр ӘЛІМҚҰЛ