Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Рудный жылу орталығындағы өндірістік апаттың себеп-салдары әлі анықталған жоқ

AstanaTV
26.12.2016ж. 20:00
3028
Рудный жылу орталығындағы өндірістік апаттың себеп-салдары әлі анықталған жоқ

Рудныйдағы оқыс оқиғаның салдарын ресейлік сарапшылар анықтайтын болады. Бұл туралы өңірдегі өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы мәлімдеді. Арнайы жасақталған комиссия оқиғаның мән-жайын тексере алмаған. Өйткені өндірістік апатты тексеретін жалғыз орталық Алматы қаласында. Алайда, отандық сарапшылар қазандық пен шойын құбырдың құрамын түбегейлі анықтап, толыққанды  сараптама жүргізуге арнайы құрал-жабдық жоқ деп отыр. Сондықтан жарылған құбырдың сынықтары көрші елге жөнелтіліпті.

Дәулет Бапы, Қостанай облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы:

60 жылдардан бері істеп жатқан станция ғой. Уақытында жөндеу жүргізілмеген, баяғыда айырбастау керек еді. Барлық құжаттар жоқ. Негізі мұндай жылу орталықтарында құжат болуы керек, қанша жылдан бері, қалай істейтіні туралы мәлімет беретін, бірақ ештеңе жоқ.

Еске салайық, желтоқсан айының 6-сы күні Рудныйдағы «Соколов-Сарыбай» кен басқармасына қарайтын жылу орталығында құбыр жарылып, екі адам оқиға орнында көз жұмған болатын. Түрлі деңгейде күйік жарақатын алған үш адам дереу қалалық аурханаға жеткізілген еді. 

Заңғар САНАЙ