Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

БЖЗҚ-дағы тексерудің мән-жайы белгілі болды

AstanaTV
26.12.2016ж. 20:00
1874
БЖЗҚ-дағы тексерудің  мән-жайы белгілі болды

«Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы» тексерудің мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық  банк өкілі Александр Терентьев айтты. Мәлімдеуінше, зейнетақы қоры өз есебінен KASE биржасы арқылы "Бузгул Аурум" ЖШС-нан 5 миллиард теңгеге құнды қағаз сатып алған. Бірақ бұл соманың зейнетақы активтеріне қатысы жоқ деп отыр. Ал екінші деңгейлі банктердің жағдайы қалай? Айгүл Ермахан білді.

Айгүл Ермахан, тілші:

Осыдан 3 күн бұрын ақпарат көздерінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметінде тексеріс  жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Онда зейнетақы қорының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары қадағаланып жатыр делінген еді. Бұл ақпарат бүгін расталды. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, құнды қағазды сатып алуға 5 миллиард теңгені зейнетақы қоры өз есебінен жұмсаған. 

Александр Терентьев, ҚР Ұлттық банкі тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы:

Бұл саудаға зейнетақы активтерінің қатысы жоқ. Өйткені азаматтардың зейнетақы қорындағы жинағын Ұлттық банк қадағалайды. Яки біз жинақтағы зейнетақыны шағын және орта бизнестің бағалы қағаздарын алуға бағыттаймыз. Ал қандай мәселе бойынша іс қозғалғанын  Ұлттық қауіпсіздік комитетінен сұраңыздар.

Ұлттық банктің баспасөз мәслихатында екінші деңгейлі банктердің қаржылық ахуалын білуге тырыстық. Соның бірі - Казинвестбанк жайы. Ақпарат құралдары, банк техникалық дефолтқа жол берді, деп жазды. Яғни салымшылардың депозитке салған қаржыларын беруді тоқтатқан. Банк алдында ақшасын ала алмай жүрген салымшының бірін кездестірдік.

Айгүл, салымшы:

Мен бүгін банкке келдім. Депозиттегі ақшамды алайын десем, бермей жатыр. Тіпті себебін түсіндірмеді де. Тиісті жауап ала алмай отырмын.

Банк өкілдері бізге де қандай бір ақпарат беруден бас тартты.

Ұлттық банк өкілдері де Қазинвестбанкқа қатысты ешқандай сұраққа жауап бере алмайтындарын айтты. Ал, «Қазкоммерцбанк» банкке қысқа мерзімді уақытқа 400,8 млрд теңге көлемінде заем бергенін растады. Бұл сома банк клиенттерінің алдындағы міндеттемелерді орындау үшін берілген.

Айгүл Ермахан, тілші:

Осылайша, «Қазкоммерцбанкті» құтқару үшін Ұлттық банк қазынасынан 1,5 трлн теңге бөлді деген қауесет жалған болып шықты. Ұлттық банк өкілдері банк 400 миллиард теңгенің тең жартысын бүгін таңертең қайтарып үлгергенін мәлімдеді.