Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Балаларға төлқұжат жасау құны екі есе арзандады

AstanaTV
19.01.2024ж. 07:28
1057
Балаларға төлқұжат жасау құны екі есе арзандады

Биылғы 1 қаңтардан бастап балаға төлқұжат дайындау үшін төленетін мемлекеттік баж мөлшері өзгерді. Егер бұрын балалар төлқұжатының құны 8 АЕК-ті құраса, қазір екі есе аз төлейді. Енді оны дайындау үшін ата-аналар 4 АЕК немесе 14 768 теңге төлейді.

«Қазақстандықтар жеке куәлікті 16 жастан бастап алатын болса, төлқұжатты кез келген жаста алуға болады. Бұл құжатты рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін, ата-анасының бірінің жеке куәлігін және баж салығын төлеу туралы түбіртекті ұсыну керек», - деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының PR-менеджері Алтынай Татаева.

Бұл ретте қызметке өтініш білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады. Шымкент тұрғындары процесті осы әдіс бойынша үш күннен бір жұмыс күніне дейін қысқарта алады.

Айта кетейік, 2023 жылы шымкенттік жас тұрғындарға 23 мыңнан астам төлқұжат берілді.