Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Енді қайталамаймын": Танымал актриса әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды

AstanaTV
19.01.2024ж. 19:47
439
"Енді қайталамаймын": Танымал актриса әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды

Отандық кино әлемінің жұлдызы, актриса, продюсер Құралай Анарбекова жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қалалық полиция департаменті 16 қаңтарда әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында Hongqi маркалы көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады.

"Құқық бұзушыға қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік құралын міндетті сақтандыру шартымен жүргізу ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды", – деп атап өтті құқық қорғаушылар.

Әлеуметтік желі қолданушылары айыппұл салынған қыздың танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбековаға ұқсайтынын байқаған.

“Бұл оқиғаның болғаны рас. Түсірілімге бола рөлге 15 секундқа отырдым. Видеоны әлеуметтік желіге салған мен емес едім, қазір бұл видео жоғалып кетті. Мен көлік жүргізбеймін, жүргізушім бар. Рөлге отырғаннан кейін, қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кетіппін. Айыппұлды төледім", – дейді актриса.

Сондай-ақ, өнер иесінің қателігі басқаларына сабақ болғанын да айтты.

“Көліктің иесі – өзім. Бірақ оны сирек жүргіземін. Бұл оқиға менің командама сабақ болды. Мен заңды бұзбаймын. Біздің органдардың қалай жұмыс істейтінін көріп, риза болдым. Енді қайталамаймын. Бағдаршамға бағынып, белдікті тағып, жол ережесін сақтап жүріңіздер”, – деп кеңес айтты өнер иесі.