Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

AstanaTV
19.01.2024ж. 21:37
636
Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

Абай облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Абай облысы Полиция Департаментіне сілтеме жасап.

Жол апаты республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" тасжолында болған. Мazda 626 маркалы автокөлігін басқарған 51 жастағы Семей тұрғыны басып озу маневрін орындау кезінде қарсы жолаққа шығып кеткен.

Қарсы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter көлігі қақтығысты айналып өте алмаған.

Оқиға салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақатымен көліктің жолаушылары ауруханаға жеткізіліп, жатқызылды, "Мазда 626" маркалы автокөлігіндегі 20 жастағы жолаушы ауруханада есін жимай көз жұмған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.