Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Тауық етіне тыйым салынған затты жасырған

AstanaTV
22.01.2024ж. 16:54
1791
Тауық етіне тыйым салынған затты жасырған

Павлодардағы тергеу изоляторына азамат тауық етіне екі телефон мен үш интернет-роутер жасырып, өткізбек болған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №63 мекемесінде сәлемдемелерді қабылдау кезінде рентген қондырғысын қолдану арқылы пайдалануға тыйым салынған заттар анықталып, тәркіленді. Екі телефон, үш роутер, сондай-ақ сим-карталарды 44 жастағы павлодарлық әкелген үш гриль тауықтың ішіне айлалы орап, жасырған.

– Сәлемдеме денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін жазасын өтеп жатқан 38 жастағы сотталғанға арналған. Тыйым салынған заттар салынған сәлемдемені сотталғанның танысы әкелген. Рентген қондырғысының арқасында сәлемдемені тексеру кезінде тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді, – дейді №63 мекеме бастығы Берик Рахимов.

Тергеу изоляторының қызметкерлері сотталғандармен және олардың туыстарымен сәлемдемелерді жеткізу және мекемеге бару кезінде тыйым салынған заттарды алып жүруге жол бермеу туралы жүйелі түрде әңгімелесу жүргізеді. Дегенмен, келушілер заң алдында жауапкершілікке әкеп соғатын мұндай құқық бұзушылықтарды әлі де жасайды. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама жасалды. Материалдар сотқа жіберілді.