Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ривалдоның ұлы Қазақстанда ойнауы мүмкін

AstanaTV
22.01.2024ж. 20:00
625
Ривалдоның ұлы Қазақстанда ойнауы мүмкін

Қайырлы кеш, спорт сүйер қауым! Сіздермен «Астана» телеарнасында қазақстандық және әлемдік спорттағы басты жаңалықтар туралы күнделікті «бес минут» айдары. Менің атым Нұрлан Нұрыш. Бүгінгі шығарылымды теннис жаңалықтарынан бастаймыз.

Нұрлан Нұрыш, жүргізуші:

Әлемнің бірінші ракеткасы, серб Новак Джокович Аустралияның ашық чемпионатында турнирдің ширек финалына шықты. Байрақты бәсекенің төртінші айналымында ол ATP рейтингінде 19-шы тұрған француз Адриан Маннариноны 6:0, 6:0, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу бір сағат 46- минутқа созылды.

2020 жылы өткен Олимпиаданың қола жүлдегері, украиналық теннисші Элина Свитолина Аустралия ашық чемпионатының 1/8 кезеңіндегі кездесуде ойынды тоқтатты. Чех Линда Носковаға қарсы басталған матчта украиналық бар жоғы 24 минут өткізді. Свитолинаның жарыстан шығып қалуының себебі – оң жақ иығындағы жарақатының болуы. Кортта өткізген 3 геймде де Свитолина жеңіліс тапқан еді.


Испандық Ла Лиганың 21-туры аясында мадридтік «Реал» өз алаңында «Альмерияны» қабылдады. Ойынның басталуына дейін алаң иелері чемпионатта 2 орында болса, қарсыласы соңғы еді. Ойын күтпеген нәтижелермен басталды. Кездесудің аутсайдері ойынның 1-ші минутына Андрей Лунин қақпасының осал жерін тапты. Ларджи Рамазани ерекшеленді. Үзіліске дейін Альмерия ойыншылары тағы белсенділік танытып, Эдгар Гонсалес есеп айырмасын 2:0-ге дейін жеткізді. Анчелотти үзілісте ойыншыларын бір сілкіп алған болуы керек, 57-минутта Джуд Беллингем пенальтиді сәтті орындаса, 67- минутта Винисиус Жуниор есепті теңестірді. Бұл ойындағы соңғы гол емес еді. 99-минутта тәжірибелі Дани Карвахаль Корольдік клубқа жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп: 3:2.

Турдың тағы бір матчында жөні бөлек «Жирона» мен азулы «Севилья» кездесті. 16 ойын бойы жеңілмеген Жиронаның бұл кездесуін бас бармақпен бағалауға болады. Алаң иелерінің ойыншысы Артем Довбик ойынша хет-трик жасады. Сондай-ақ Виктор Цынаков пен Кристиан Стуани бір бір голдан салды. «Севильяның» жалғыз голын Исаак Ромеро соқты. Ойыннан кейін «Жирона» тағы бір Ла Лиганың бірінші сатысына көтерілді.

Севилья қаласының тағы бір командасы «Реал Бетис» өз алаңында «Барселонадан» айласын асыра алмады. Ойын қонақтардың пайдасына 4:2 есебімен аяқталды. Каталондық Ферран Торрес хет-трик жасаса Жоау Феликс 90-минутта ойынның нүктесін қойды. «Реал Бетис» ойыншысы Иско ойында екі гол соқты.


Тұманды Альбиондағы футбол жаңалықтарына тоқталсақ. Ағылшын Премьер лигасының 21-туры аясында «Ливерпуль» «Борнмутты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Бірінші таймда қос команда белсенділік танытпады. 49-минутта Дарвин Нуньес есеп ашып, Ливерпульды алға шығарды. 71-минутта Диога Жота есепті еселесе, 80-минутта Жота дубль жасады. Ойынның қосымша 93-минутында сол Нуньес те өзінің екінші голын соғып, кездесудің нүктесін қойды.


Қазақстандық команда «атағынан ат үркейтін» Ривалдоның ұлы Ривальдиньоны өз құрамында көргісі келеді. Қазір Ривальдиньо румындық «Фарул» командасында өнер көрсетеді. Бірақ румындықтар командадағы біраз ойыншылармен қош айтысуда. Қазақстандық клубтан келіп түскен ұсынысқа қарамастан ойыншы бразилиялық «Сантоспен» келіссөздер жүргізуде.

{Ривалдоның ұлы Қазақстанда ойнауы мүмкін }

Жаңа тегін X5 ойыны (Winline букмекерінен)

Winline қосымшасын жүктеп алыңыз

5 матчтың нәтижелерін таңдаңыз, сонда

5 миллион (теңге) сіздікі болуы мүмкін! Винлайн қосымшасының х5 бөліміне кіріп, экранда көрсетілген ойындардың нәтижесін тапсаңыз жүлде сіздікі! Еш күмәніңіз болмасын, Winline төлейді. Сондай-ақ экранда алдыңғы ойындардың нәтижесі көрсетілген, барша жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сонымен қатар, 1 ақпаннан бастап Винлайн Ресей Премьер лигасының қысқы кубогы өтеді. "Қайрат" футбол клубымен және Винлайн компаниясымен бірге Сіз Абу-Дабиге жолдама және бағалы сыйлықтар ұтып ала аласыз!

Менде әзірге осы, жеңісті күндерде жолыққанша, сау болыңыздар!