Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды

AstanaTV
22.01.2024ж. 20:00
685
Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды

Көкшетауда Асқар Забикулинге ескерткіш қойылды. Өрт сөндірушінің мүсіні орталық саябаққа орналастырылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына жиналғандар Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды. Гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Еңселі ескерткіштің биіктігі 4 метрге жуықтайды. Еске салайық, Асқар Забикулин Астанада өрт болған үйден үш адамды құтқарып қалған. Денесінің 80 пайызын күйік шалып, өзі ауруханада көз жұмды. Офицердің артында жары мен екі баласы қалды.

Елдар ЗАБИКУЛИН, А.ЗАБИКУЛИННІҢ АҒАСЫ:

Асқар ерлігімен Отан алдындағы азаматтық борышына адалдығын көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі қазақстандықтардың жүрегінде мәңгі қалады. Асқардың ерлігі мен батылдығы бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болары сөзсіз. Ол жақсы іні ғана емес, жақсы әріптес, жақсы жолдас бола білді. Інімнің аруағына осындай құрмет көрсетіп отырған азаматтарға, отбасы атынан шынайы алғысымды білдіремін.