Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

TikTok тікелей эфирінде алкоголь ішіп, көлікті басқарған тұрғын ұсталды

AstanaTV
22.01.2024ж. 19:10
623
TikTok тікелей эфирінде алкоголь ішіп, көлікті басқарған тұрғын ұсталды

Таразда жол ережесін бұзып, TikTok желісі арқылы полицейлер көзіне түскен азамат ұсталды. Ол мас күйінде тікелей эфирге кіріп, балағат сөздер айтып, көлігін көрсеткен. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Деректерге сай, ол TikTok тікелей эфирінде алкоголь ішіп, көлікті басқарған. Кейін балағат сөздер айтып, алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірін алып тастап, жол қозғалысы ережелерін бұзған. Мас күйінде қаланы айналып шыққан.

“24 жастағы Mercedes-Benz жүргізушісі бейнебақылау камераларының көмегімен табылды. Оған мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, сақтандыру полисінсіз автокөлікті басқарғаны үшін, ережелерді бұзып, балағаттағаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін тағы бір хаттама жасалды. Өйткені куәландыру жүргізушінің мас күйін растады”, – делінген хабарламада.