$443.62 €492.24 ₽5.36

"Әділет" партиясының депутаттары Жаңаөзендегі дәрігерлермен кездесті

AstanaTV
13.11.2026ж. 19:00
"Әділет" партиясының депутаттары Жаңаөзендегі дәрігерлермен кездесті

Жаңаөзенге барған Құрылтай депутаттары медициналық мекеме қызметкерлерімен кездесіп, саладағы түйіткілді мәселелерді талқылады. Кездесуде кадр тапшылығы, айлық-жалақыны көтеру және  инфекциялық аурухананың жай-күйі сөз болды. Өңірдегі ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілуде. Ол жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. 65 төсекке арналған ғимараттың қазір 80 проценті жоспарға сай жөнделген. Жоба аясында мекеменің құрал-жабдығы да жаңартылады.  Депутаттар мен ақ халаттылар Мемлекет басшысының медицинаға қатысты жолдауда жариялаған ақжарма жаңалықтарын ортаға салды. Әрі қайтсек халыққа медициналық көмек көрсету сапасын арттырамыз деп ой бөлісті. Айта кетейік, бүгінгі күні Жаңаөзендегі көпбейінді аурухана 17 дәрігерге мұқтаж.  

МАРАТ ЕДІЛХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫ:

Стационардағы дәрігерлердің жалақысын көтеру бойынша талқыладық. Бұйырса ол да енгізіледі. Оларға да назардан тыс қалмайтыны туралы айтылды. Сосын екінші мәселеміз -  инфекциялық ғимараттың жылдың аяғына дейін толықтай қаржыландырып, ғимараттың толықтай жөндеу жұмыстары мен бітуін жеке тапсырды қала басшысына. Ол бітеді деген зор үмітіміз бар.  

АББАТ ӨРІСБАЕВ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "ӘДІЛЕТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекет басшысы осы медицина саласындағы кейбір қызметкерлердің жалақысын көтеру 1 қаңтар 2027 жылдан бастап айтылды. Бұл енді медицина қызметкерлерінің тарапына үлкен жақсы қуаныш деп қабылданды. Ары қарай да бұл жұмысты біз жалғастырамыз. Себебі өзіңіз білесіз, жалпы жолдаудың басты мақсаты -   тұрғындардың өмір сапасын жоғары деңгейге бағытталған, біздің экономикалық, қаржылық, технологиялық мүмкіндіктерінің барлығы осы азаматтардың әл-қуатын арттыруға бағытталған жолдау.