Армения
мен Әзірбайжан шекарасында тағы да қан төгілді. Онда үш әскери адам қаза
болған. Бұл туралы Интерфакс агенттігі, Армения қорғаныс министрінің баспасөз
хатшысына сілтеме жасап, жазды. Оның айтуынша, бүгін таңертең әзірбайжандық күштік
құрылымдар Армениямен шекаралас Чинари ауылының маңында диверсия ұйымдастырған.
Ал Баку Ереванды оқ атылмауы тиіс режимді 39 рет бұзғанын айтып, айыптап отыр.
Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Армения жағынан да оқ атылғанын алға тартады.
Айта кетейік, қос мемлекеттің арасында таулы Қарабах аймағы үшін қақтығыстар
бірнеше жыл бойы жүріп келеді. Достық келіссөздер осы жылдың сәуір айында
тоқтатылып, ондаған адам қаза болған. Қос тарап араға бірнеше күн салып қайта
келісімге келген еді.