Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Көп қабатты үйлердегі дербес жылу қазандықтары қадағалауда болады

AstanaTV
05.01.2017ж. 20:00
2917
Көп қабатты үйлердегі дербес жылу қазандықтары қадағалауда болады

Елімізде көп пәтерлі тұрғын үйлердің 25 пайыздан астамы орталық жылу беру жүйесіне қосылмаған. Осыған орай бұл санаттағы үйлердің жылу жүйесі жергілікті атқарушы билік арқылы қатаң тексерілетін болды. Ұлттық экономика министрлігінің тұрғын үй коммуналды шаруашылық істері жөніндегі комитеті осылай деп ресми мәлімдеме таратты.

Онда "жылу қазандықтары мен жылу жүйелерінің күзгі-қысқы жұмысқа дайындық құжатын беру, сондай-ақ есепке қою және қауіпті техникалық қондырғыны есептен шығару жергілікті биліктің құзырына жатады" делінген. Мұнан өзге ведомство таратқан ақпаратта судың қызуы 115 градустан асқан жағдайда қауіпті техникалық қондырғының жұмыс істеу барысына атқарушы органдар бақылау жасауға міндетті екендігі айтылған.

Дәуренбек БАҚДАУЛЕТ