Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды

08.02.2024ж. 20:30
1174
Екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды

Екі баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел Шымкент қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Ол 31 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Оны ұстау үшін Түркістан облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Еске салайық, қанды қылмыс 7 ақпан күні Түркістан облысында болған. Жалдамалы пәтердің бірінен екі және бес жасар балалардың денесі табылды.

Мұрат ҚАБДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті әйел қамауға алынды. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында "күдікті әйел жақындарына телефон соғып, балаларын өлтіргенін және олардың қайда жатқанын айтқан" деп жазды.

Динара ЗӘКИЕВА, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ:

Екі бала анасының қолынан қаза тапты. Иманды болсын. Періштелер... Мән-жай анықталуда. Істі тергеумен Түркістан облысының полиция департаменті айналысуда.