Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Аппақ келін» фильмінің Кинопоискке шығуына байланысты актриса Жанар Айжанова Яндекс Go жолаушыларымен тілдесті

09.02.2024ж. 20:00
538
«Аппақ келін»  фильмінің Кинопоискке шығуына байланысты актриса Жанар Айжанова Яндекс Go жолаушыларымен тілдесті

Киносүйер қауым үшін қуанышты хабар! Енді көптің көңілінен шыққан танымал «Аппақ келін» фильмі «Кинопоиск» платформасынан орын тепті. Осыған байланысты фильмдегі басты рөлдердің бірін сомдайтын танымал актриса, әнші Жанар Айжанова Яндекс Go таксиімен қаланы аралап, жолаушылармен тілдесті.

Бұл күнді қала тұрғындары ұзаққа дейін ұмытпайтыны анық. Бірі жұмысқа, бірі қонаққа асыққан олар, әдеттегідей, таксиге тапсырыс береді. Ал онда нағыз жұлдызбен кездесемін деп ойласын ба? Бұл жолы олардың сапарласы – актриса Жанар Айжанованың дәл өзі болды.

Жанар АЙЖАНОВА, ӘНШІ, АКТРИСА:

Барлықтарыңызға сәлем! Бүгін Кинопоискте "Аппақ келіннің" премьерасы өтті. Соған қарай біз Яндекс Го-мен қаланы аралап, жолаушылармен тілдесеміз.

Сапар барысында Жанар Айжанова жолаушылармен отбасылық дәстүрлер, ондағы ережелер және туыстармен қарым-қатынас жөнінде сыр шертті.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Үйленген бе бала?
- Үйленгенмін, иә.
- Бір сұрақ: "Аппақ келінді" көрдіңдер ме? Соның ішінде ең сүйікті кейіпкерлерің кім болды?
- Лия келініңіз бен өзіңіз.
- Лия да басқа ұлттан. Сен де басқа ұлт болған соң...
- Иә, ұқсастық болды. Біз де сіздер сияқты басында таңғалып, рұқсат бермей...
- Түсініспеушіліктер болды ма?
- Иә...

Ойламаған жерден сүйікті әртісімен қауышқан тұрғындар шынайы таңданыстарын жасырмады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Сәлеметсіз бе! Оой, қандай кездесу!
- Ал, замандас, танысып отырайық, атың кім?
- Атым Нұргүл Найманқызы.
- "Сен" деп сөйлей берсек болады ғой? Әңгіме айтып отырайық...

Нұргүл НАЙМАНҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен таксиге мінген кезде Жанар Айжанова екенін байқамай қалдым. Сосын ғана байқап, амандастым. Өте қуаныштымын. Екеуміз әңгімелесіп келдік жол-жөнекей. "Аппақ келін" деген киноны полностью көріп шығамын келешекте.

Осылайша, жолаушылармен әңгіме бірден жарасып, жол да қысқарды. Ал киносүйер қауым енді "Аппақ келін" фильмін Кинопоиск платформасынан емін-еркін кез келген электронды құрал арқылы тамашалай алады.