Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Теңге ілу спортының ережесі өзгерді

09.02.2024ж. 20:00
1641
Теңге ілу спортының ережесі өзгерді

Теңге ілу ұлттық спортына жаңа ережелер енгізілді. Енді жылқының да жылдамдығы есептеледі. Яғни, секундамер аттың өзіне орнатылмақ. Астанада қауымдастық мүшелері бас қосып, жаңа ережелерді жаттықтырушыларға таныстырды. Басқосуда ұлттық спорттың осы түрін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, алдағы жоспарлар айтылды.

Теңге ілу спортын дамытуға үлес қосып жүргендер федерацияның "Алғыс хатымен" марапатталды. Қазір олар биылғы жылдың басты бәсекесі бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойынына қызу дайындық үстінде. Оған дейін спортшылар Әлем және Азия чемпионаттарында бақ сынайды.

Амангелді Әбдіқадыров, "ТЕҢГЕ ІЛУ" ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біздің Ұлттық құрамада мықты мықты спортшылар бар. Көшпенділер ойының алдында өтіп жатқан жарыстарға байланысты кімнің нәтижелері мықты болады сол жігіттер теңге ілуге Ұлттық құрама атынан қатысуға мүмкіндік алады.

Талапбек ҚЫПШАҚБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ережелерге өзгерістер енгізіп жатыр. Ереженің бүгін пікір сайысы болып жатыр. Мысалы сайлауға түсіп жатыр. Соны бекітіп жатырмыз. Ол ережелер түзетілген сайын тәжірибе артып жатыр.