$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Биыл Сирия мен Ирактан содырлардың оралу қаупі күшеймек

AstanaTV
09.01.2017ж. 20:00
2730
Биыл Сирия мен Ирактан содырлардың оралу қаупі күшеймек

2017 жылы Сирия мен Ирактан орта азиялық содырлардың оралу қаупі күшейе түседі. Бұл туралы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин мәлімдеді. Оның айтуынша, Ауғанстандағы ішкі саяси жағдайдың нашарлауы мен Таяу Шығыстағы қарым-қатынастың шиеленісуі аймақ қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді. Қазірдің өзінде «Имам Бухари» сияқты лаңкестік топтары Ауғанстанда жасақ құрып, бейне материалдар жариялап отыр. Бұл радикалды топтардың негізгі орталығы Ауғанстан мен Пәкістан шекарасы болатынын дәлелдейді. «Бұндай қауіп бұрын да болған, алайда бұл Орталық Азия елдерінде жаппай террорлық насихат жүреді деген сөз емес», - деді Ерлан Қарин.

Ерлан Қарин, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры:

Біздің ойымызша, 2017 жылы Орталық Азия елдері үшін, қазіргі Таяу Шығыстағы жанжалдар тұрғысынан алып қарағанда, лаңкестік тәуекел сақталатын болады. Бұған қоса, өңірде радикализмнің өршу қаупі де басым болып тұр. Осыларды ескере келе, біз өңірде радикализм алғышарты сақталады деп есептейміз. Сонымен қатар Сирия мен Ирактағы қазіргі ахуалдың өзгеруіне байланысты орта азиялық содырлардың оралу қаупі де сақталады.

Саламат ОМАШ