$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Еліміздің бас банкі базалық мөлшерлемені бұрынғы 12 пайыз деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады

AstanaTV
09.01.2017ж. 20:00
2868
Еліміздің бас банкі базалық мөлшерлемені бұрынғы 12 пайыз деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады

Базалық мөлшерлеме ақпанның 20-сында төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Ал әзірге бұрынғы 12 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылданған. Брифингте Ұлттық банк төрағасы, ішкі және сыртқы өзгерістер болып қалмаса, қазіргі байқалып отырған процестерге қарап оның төмендеуі әбден ықтимал, деп отыр.

Айта кетейік, өткен жылы бас банк базалық мөлшерлемені бірнеше рет төмендеткен еді. Қараша айындағы соңғы базалық мөлшерлеме 12 пайызға тұрақтаған болатын.

Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Базалық мөлшерлеме бойынша шешім мына факторлар бойынша ескеріле отырып қабылданды. 2016 жылы  жылдық инфляция 8,5 пайызды құрады. Бұл Ұлттық банктің бағалауына сәйкес келді. Ал 2017 жылы инфляцияда мұндай ауытқулар болмайды. Біз алдағы уақытта жылдық инфляция 6-8 пайыздың шегінде тұрақталады деп отырмыз. 

Айгүл ЕРМАХАН