"Бірыңғай
жинақтаушы зейнетақы қоры" ісімен қамауға алынғандар кепілмен бостандыққа
шығарылмайтын болды. Алматы қалалық сотының апелляциялық комиссиясы осындай
шешім шығарған. Бұған дейін Алматы қалалық сотының өкілі "жымқыру
ісі" бойынша төрт фигурант екі айға қамауға алынғанын хабарлаған еді.
Олар
- қордың басқарма төрағасы Руслан Ерденаев пен қаржы қатерлері басқармасының
басшысы Мұса Бахтов. Сондай-ақ "АлатауМұнайАлтын" бақылау кеңесінің
төрағасы - "Бузгул Аурум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев пен компания директоры Азат Найзағарин екі айға
қамалды. Оларға "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе
талан-таражға салу" бабы бойынша айып тағып отыр. 21-ші желтоқсанынан
бастап Ұлттық банктің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры"
қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Тергеуге сенсек, шикілік - қор
акционерлерінің өз активтерін инвестициялауға қатысты болып отыр.