$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астананы тазалауға жыл сайын 11 миллиард теңге бөлінеді - Б.Болатбеков

AstanaTV
09.01.2017ж. 20:00
3724
Астананы тазалауға жыл сайын 11 миллиард теңге бөлінеді - Б.Болатбеков

Астанадағы тазалық жұмыстарына жыл сайын 11 миллиард теңге қарастырылады. Елордадағы қар тазалау жұмыстарымен танысқан қала әкімінің орынбасары осылай деді. Демек, ай сайын 1 миллиардқа жуық қаражат жұмсалады. Қазір қар тазалау жұмыстарына 300-ден аса техника мен 600-дей қызметкер тартылған. Кезекті түнгі рейдке шыққан әкімшілік қызметкерлері қардың қай аудандарда дұрыс тазаланбай тұрғанын айтты.

Қосман Айтмұхаметов, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Қазіргі таңда проблемалық аумақтар ретінде Юго-Восток, Көкталды айтуға болады. Біз ол жақта жолды аштық. Бірақ көптеген үлкен қар үйінділері әлі толық тазаланып болмаған. Мен нақты қарды тазалауға қанша қаражат бөлінетінін айта алмаймын. Себебі көптеген операциялар қарастырылған. Дегенмен, бюджеттен бөлінген ақша жеткілікті деп есептеймін.

Елорданың 3 ауданындағы жұмыстың 70 пайызы «Астана Тазалық» компаниясына тиесілі. Жаңа басшы мәселе қардың мол түсуімен ушығып тұрғанын айтты.

Боранбай Болатбеков, «Астана Тазалық» ЖШС директоры:


Биылғы, мен айтамын, қардың түсуі өте көп. Біз былтырғы жылы, мысалы, жыл бойы 3 млн 400 мың куб қар шығарсақ, биыл 13 октябрьдан бастап январь айына дейін уже 2 млн 200 мың қар шығардық.

Тазалықпен айналысатын қызметкерлер пәтер иелері кооперативтерінің жұмыстарына көңілдері толмайды. Аула, көшелерді көліктерден босату туралы бір күн бұрын ескертілсе де, ешкім құлаққа іліп жатқан жоқ, дейді. Ішкі істер қызметкерлері де тексерісті күшейткен. Ауладағы қар мен коқысты тазартпаған 12 мекеме жауапқа тартылған. Оларға салынған айыппұл көлемі 567 250 теңге көлемінде.