$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Еуропалық комиссия TikTok-қа қарсы тергеу бастады

AstanaTV
21.02.2024ж. 10:53
803
Еуропалық комиссия TikTok-қа қарсы тергеу бастады

Еуропалық комиссия TikTok әлеуметтік желісін Digital Services Act (DSA) талаптарын бұзғаны үшін тергеуді бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Digital Services Act реттеушісі платформаның кәмелетке толмаған пайдаланушыларды зиян контенттен қорғау үшін қалай жұмыс істеп жатқанын тексереді.

"Кәмелетке толмағандарды қорғау DSA-ның басты басымдығы. Миллиондаған бала мен жасөспірімдерді қамтитын платформа ретінде TikTok DSA-ға толығымен сәйкес келуі және Интернетте кәмелетке толмағандарды қорғауда ерекше рөл атқаруға тиіс", – деді Еуропалық Комиссар Тьерри Бретон.

Бұл – Еуропалық комиссияның DSA аясында цифрлық компанияларға қарсы бастаған екінші тергеуі. Өткен жылдың желтоқсан айында реттеуші Илон Масктың X әлеуметтік желісінің қызметіне аудитті бастады. Оның барысында заңсыз контентті жою талаптарының бұзылуы тексерілді. Сонымен қатар компания платформа жалған ақпаратпен күресу үшін жеткілікті жұмыс істеп жатыр ма, жоқ па, соны тексерді.

DSA ережелері бұзылса корпорацияларға жаһандық кірісінің 6% мөлшерінде айыппұл салынады.