$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сырдария өзеніндегі су қауіпті деңгейге жетті

AstanaTV
11.01.2017ж. 20:00
3651
Сырдария өзеніндегі су қауіпті деңгейге жетті

Сырдария арнасынан асуы мүмкін. Өзендегі су қауіпті деңгейге көтерілген. Мамандар жағдайды жіті бақылауға алды. Сондықтан олар өзен бойында орналасқан тұрғын үйлерді су алмайды деп отыр.

Қазір аймақта ауа райы құбылмалы. Дариядағы бұған дейін сіресіп қатқан мұз еріп жатқан көрінеді. Қазір қауіпсіздік шаралары қолға алынған. Өзен арнасының осал деген 60 шақты жеріне күндіз-түні кезекшілік орнатылып, бөгеттер қойыла бастады. Сырдарияға осы кезде секундына 490 текше метр су келіп жатыр. Бұл қаңтар айына дағдылы мөлшерден артық болып тұр, дейді мамандар. Қорғаныс бекеттерінен асуға 80 сантиметр қалған. Мамандар су деңгейі бірнеше күннен соң түседі деп болжап отыр. Дегенмен, барлығына дайын болуымыз керек, дейді.

Жұмахан Нұрсеитов, Арал-Сырдария бассейні инспекциясы басшысының орынбасары:

Жылдағы мөлшердегі су биыл деңгейі өте биік болып отыр. Сол себепті қазір біраз тіршіліктер атқарылып жатыр. Оның бастасы-Шардарадан жіберіліп жатқан секундына мың куб текше метр суды қазір 800 текше метрге түсірдік. 400 текше метрін Көксарай алып жатыр. 400 текше метрі осы Қызылорда облысының төңірегіне келіп жатыр. Төрт-бес күннің көлемінде осы дәл біз тұрған жердеде 50 сантиметрге түсуі мүмкін.

Еске сала кетейік, өткен жылдың аяғында өзен суы жайылымдарды басып өтіп, Жалағаш пен Жосалы кенттерін жалғайтын көпірдің бір бөлігін шайып өткен болатын.