$540.05 €629.16 ₽6.65
×

Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға қысқарды

AstanaTV
23.02.2024ж. 21:00
Елімізде мобильді аударымдар 30 пайызға қысқарды

Ұлттық банкте өткен брифингте БАҚ өкілдері басқарма төрағасы Тимур Сүлейменовтен Қазақстанда мобильді аударымдар мониторингі жарияланғаннан кейін оның көлемі қаншаға азайғанын сұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- Қаңтарда мұндай төлемдер шамамен 30 пайызға қысқарды, тіпті кейбір нүктелерде қолма-қол валютаны нығайтуды көбейтуге тура келді. Өйткені жұрт басында қолма-қол ақшаға жүгірді. Мемлекеттік кірістер комитетінен түсініктемелері мен консультацияларынан кейін жағдай тұрақталды. Алдағы уақытта да тыныш болады деп ойлаймын. Өйткені ол жерде қорқынышты ештеңе жоқ. Қолма-қол ақшасыз төлемдер деңгейі қалпына келеді деп үміттенеміз, - деді Сүлейменов.

Жақында қаржы министрі Мәди Тәкиев елімізде мобильді аударымдарды тексеру мәселесі қайта қаралатынын мәлімдеді.