Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Алматы облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды

AstanaTV
25.02.2024ж. 18:17
434
Алматы облысында өртенген үйден ер адамның денесі табылды

Алматы облысында түнгі уақытта үй өртеніп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 ақпан түнгі сағат 02:49-да Райымбек ауылдық округіндегі саяжай қоғамдастығының тұрғын үйінде өрт шыққан.

Өрт 68 шаршы метр аумақты шарпып, үйдің төбесі опырылып түскен.

Сағат 04:00-де өрт оқшауланып, 05:03-те сөндірілді. Барлау жұмыстары барыснда үй иесінің денесі табылды, - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, өрт электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан.

Өртті сөндіруге ТЖД, полиция, жедел жәрдемнің 20 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.