$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбелік әйел 11 айлық қызын тастап кеткен

AstanaTV
12.01.2017ж. 20:00
3262
Ақтөбелік әйел 11 айлық қызын тастап кеткен

Ақтөбе облыстық балалар ауруханасы 11 айлық қыз баланы сәбилер үйіне өткізбекші. Нәрестені бұл ауруханаға жедел жәрдем әкелген. Ол төртінші күн дәрігерлердің бақылауында. Әлі ешкім іздеп те келмепті. Дәрігерлер денсаулығы бірқалыпты деп отыр.

Жанар Алниязова, Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының дәрігері:

«Қыз бала бізге сенбі күні таңғы сағат 10-дарда жедел жәрдеммен келді. Қонаев көшесіндегі жатақханаға тастап кеткен екен. Ондағылар полицияны, полиция жедел жәрдем шақырған. Жағдайы орташа болды, ұқыпты киінген. Оны «Үміт» балалар үйіне беріп жатырмыз. Егер анасы не тума-туыстары болса, сол жерден таба алады».

Ал құқық қорғаушылар сәбидің ата-анасын іздеп тапты. Облыстық ішкі істер департаменті өкілінің мәліметінше, 1976 жылы туған азаматша ащы суға жақын. Ол сәбиін жатақханада тұратын сіңілісіне қалдырып, қайтып оралмаған. Сондықтан сіңілісі полиция шақыртқан.

Лаура Забихова, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз  қызметінің жетекшісі:


Қыздың анасы арақ ішкен күйі Елек полиция бөліміне жеткізіліп, наркологиялық орталықтан медициналық куәландырылды. Жеңіл мас күйіәндегі дәрежесі анықталып, қазіргі уақытта ата-ана құқығынан айыру үшін «Баланың құқығын қорғау бойынша» комиссияға құжаттар жиналуда.