Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

"Әйелдер лигасы": 2024 жылы отандық футболда қандай өзгерістер болатыны анықталды

AstanaTV
29.02.2024ж. 00:06
1551
"Әйелдер лигасы": 2024 жылы отандық футболда қандай өзгерістер болатыны анықталды

Биыл футбол сүйер қауымды отандық футбол лигасы тың жаңалықтарымен қуантпақ. Бұл жайлы Қазақстан футбол лигасының ресми Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Футбол лигасының баспасөз қызметі жариялаған мәліметке сүйенсек, QFL атауы ҚКФЛ-ды ауыстырады. "2024 жылдың 28 ақпан күні Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа брендінің таныстырылымы мен жаңа маусымының тұсаукесері өтті. Футбол саласындағы мамандар мен БАҚ өкілдеріне Лиганың жаңа атауы – QFL (Qazaqstan Football League), жаңартылған логотипін және "Футболмен бірге" ұраны таныстырылды. Ауқымды іс-шара елордамыздағы Президент орталығында ұйымдастырылады. Заманауи көрнекілік пен лаконикалық үлгідегі логотипте Республикамыздың дәстүрлі рәміздеріміздің бөліктері бар. Мемлекеттік тудың түстері де қамтылған. Мысалы, тәуелсіз Қазақстанның басты символдарының бірі —бүркіт Q әрпімен бейнеленген. Осылайша жаңа логотип лиганың ауызбіршілігін білдіреді", - деп мәлім етті футбол лигасының баспасөз қызметі. Ал Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов бұл мақсаттардың қол жеткізуге болатынын айтты.

"Біздің лигамен бірлескен жұмысымыз футбол бизнес индустриясын құруға бағытталған, онда футбол — демеушілер мен инвесторлар үшін қызығарлық актив, халық үшін әлеуметтік маңызы бар өнім және халықаралық деңгейде мемлекет үшін мақтаныш болуы керек. Бүгінгі таңда лига өзінің алдында тұрған міндеттерді орындауға және стратегияның барлық тармақтарын жүзеге асыруға қауқарлы. Бұл шынайы және қол жеткізуге болатын мақсаттар", - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов.