Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақмола облысында жолаушылар көлігі бөлімінің экс-басшысы сотталды

AstanaTV
29.02.2024ж. 07:17
856
Ақмола облысында жолаушылар көлігі бөлімінің экс-басшысы сотталды

Целиноград ауданының прокуратурасы автожол саласындағы тексеру нәтижесінде Қоянды ауылының көше желілерін күрделі жөндеу және салу кезінде жерглікті атқарушы органның бұрынғы басшысы мен кәсіпкердің 1,2 млрд теңге бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады.

Аудан прокуратурасы тіркеген 2 қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеумен Ақмола облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары айналысқан.

«Іс қозғалған кезде Біріккен Араб Әмірліктерінде болған Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органының бұрынғы басшысы қамауға алынған. 1,2 млрд теңгеден астам келтірілген залал толық өтелді, тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді», — деп жазды бақылаушы ведомстводан.

12 ақпанда бұрынғы бөлім басшысы Целиноград аудандық сотының үкімімен ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша өмір бойы мемлекеттік қызметті атқару құқығынан айыра отырып, бас бостандығынан айрылды.