$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әлеуметтік желілер сайлау кампаниясының негізгі трендіне айналды

AstanaTV
21.03.2016ж. 20:00
1881
Әлеуметтік желілер сайлау кампаниясының негізгі трендіне айналды

Әлеуметтік желілер сайлау кампаниясының негізгі терендіне айналды. Саясаттанушы Артур Нығметов осындай пікірде. Айтуынша, сайлау додасына түскен саяси партиялардың үгіт шаралары жыл өткен сайын жақсарып келеді. Биыл да ғаламтор мүмкіншіліктері кеңінен пайдаланылды дейді. Сондай-ақ саяси бірлестіктер партия құрамындағы белсенді әрі танымал тұлғаларды көптеп тартқаны құптарлық деп қосты.

Артұр Нығметов, Ақпараттық технологиялар орталығының директоры:

Үгіт-насихат шараларында әлеуметтік желілердің ролі ерекше болды. Халық кем дегенде 20 пайыз ақпаратты ғаламтордан оқып білді. Яғни партиялар ғаламторды да белсене пайдаланды деген сөз.

Ал Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин таяуда сайлау процесінің жалпы қорытындысы әзірленетінін айтты. Баяндамада 2016 жылғы сайлаудың өткен сайлау кампанияларынан айырмашылықтары мен  артықшылықтары егжей-тегжейлі жазылатын болады дейді. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА