$444.88 €513.26 ₽5.28
×

Өскеменде есірткіге қарсы акцияға 1500-ден астам адам қатысты

Өскеменде есірткіге қарсы акцияға 1500-ден астам адам қатысты

Есірткі жарнамасы бар 100-ден астам граффити жойылды

Өскеменде 1500-ден астам адамды біріктірген ауқымды есірткіге қарсы акция өтті, — деп хабарлайды AstanaTV.

Акцияға студенттер, полиция қызметкерлері, мемлекеттік органдардың, жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бір күннің қорытындысы бойынша қала көшелерінен есірткі жарнамасы бар 100-ден астам граффити жойылды.

Акцияны “Әділет” партиясының “Жастар рухы” жастар қанаты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараны қала әкімдігі мен прокуратура қолдады. Шара амфитеатрда бастау алды. Мұнда жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері жиналып, концерттік бағдарлама мен шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі және профилактикалық кездесулер ұйымдастырылды. Одан кейін акция қала көшелерінде жалғасты. Қатысушылар полиция қызметкерлерімен бірге есірткінің таралуына қатысты интернет-ресурстарды жарнамалайтын жазуларды анықтап, жою бойынша рейд жүргізді. Сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда ақпараттық материалдар таратылды.